СҚО әкімінің орынбасары Құрманов Р.Ж төрағалығымен Имантау- Шалқар курорттық аймағының даму барысы тақырыбында туристік бизнес өкілдерімен кездесу ұйымдастырылып, көкейкесті мәселелер талқыланды. Жұмыс сапары барысында " Шалқар су" санаториясы мен " Сокол" балаларды сауықтыру лагерінде жүріп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарының қарқынымен танысты.