Мемлекет Басшысының сотталғандарды еңбекпен қамту және кәсіпкерлерді өндірістік қызметті кеңейтуге белсенді тарту жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №51 мекемесінде Айыртау ауданының прокуратурасымен бірлесіп «Ашық есік күні» өткізілді.
Іс-шара жаңа өндірістерді ұйымдастыру мәселелеріне арналды. Қатысушыларға мекеменің өнеркәсіп аймағы бойынша экскурсия ұйымдастырылып, онда мекеме аумағында жұмыс істейтін шағын және орта бизнес өкілдері өндіріп жатқан дайын өнімдер көрсетілді.
Қонақтарға мекеменің инвестициялық әлеуеті, бизнесті дамытудағы мүмкіндіктері мен артықшылықтары таныстырылды.
Шақырылғандардың арасында КММ «Кәсіпкерлік және туризм бөлімі», Кәсіпкерлер палатасы, сондай-ақ жеке кәсіпкерлер мен ЖШС басшылары болды. Олар мекемедегі өндірістік жұмыстың ұйымдастырылуын жоғары бағалап, алдағы уақытта жаңа өндірістер ашуға ниет білдірді.
Сотталғандарды еңбекпен қамту олардың әлеуметтік бейімделуіне, келтірілген залалды өтеуге және отбасыларына қаржылай қолдау көрсетуге ықпал етеді.





